Нигерияда қарулы топ 100-ге жуық адамды тірідей өртеп жіберді

Нигерияның Бенуэ штатындағы бір ауылға қарулы топ басып кіріп, үйлерді өртеп жіберді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Отқа оранған үйлерден бүтін бір отбасылар жойылып кеткен. Ондаған адам із-түзсіз жоғалып, жүздеген тұрғын жарақат алды.

Штат полициясы шабуылдың болғанын растағанымен, нақты құрбандар саны белгісіз.

Қазіргі таңда шабуыл жасағандар туралы ресми ақпарат жоқ. Алайда Amnesty International Nigeria ұйымы бұл қанды оқиға жер мен суға таласып жүрген малшылар мен диқандар арасындағы жанжалдың ушығуынан туындауы мүмкін екенін алға тартып отыр.

«Өте көп адамның денесі жанып кеткен», — деп мәлімдеді құқыққорғаушылар.

Бұл қырғын – өңірдегі кезекті қақтығыстың салдары.