Бұл туралы Fars ақпарат агенттігі хабарлады. Агенттіктің мәліметінше, Исмаил Фикри Жоғарғы соттың үкімі бойынша өлім жазасына кесілген.
Басылымның жазуынша, Фикри Иран туралы құпия ақпаратты «елдің дұшпандарына» беруге тырысып, сол үшін сыйақы алмақ болған. Сондай-ақ, оның Израиль барлау қызметімен жұмыс істей отырып, Моссадтың екі офицерімен байланыс орнатқаны хабарланған.