Ақын Ұлықбек Есдәулет Жазушылар одағы төрағасы қызметінен кетті. Ол жаңа төрағаны сайлауда өз кандидатурасын ұсынбайтын айтты. Бұл туралы бүгінгі одақтың XVI құрылтайында белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq.today.
«Қазақстан жазушылар одағының басшылығынан кеткеніммен, одақ мүшелігінен, әдебиеттен кетіп жатқан жоқпын. Қашан да өз қатарларыңызда қаламдас, үзеңгілес болып қала беремін. Қолымнан келгенше әдебиет жүгін арқалай бермекпін»,- деді Ұлықбек Есдәулет.
Одақтың экс-төрағасы 2018 жылдан бері атқарылған іс-шараларды атап, тізбелеп берді.
«Жазушылар одағының мүшелерін жасартып, тамырынан жас қан жүгіртуге ұмтылдым. Жастардың жолын ашуға күш салдым. Ол үшін облыстық филиал басшыларының ұсыныстарына көбірек көңіл бөлінді. Жаңадан ашылған Түркістан, Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Қонаев қаласында одақ филиалдары жұмыс істеп жатыр»,-деді Ұлықбек Есдәулет.
Qazaq.today