Үндістандағы ұшақ апатының себебі айтылды

Фото: РБК

Бұрынғы ұшқыш Саурабх Бхатнагар Үндістанның Ахмадабад қаласында болған ұшақ апатына қатысты өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Сарапшы жергілікті NDTV арнасына берген сұхбатында әуе апатына себеп болуы мүмкін жайтты атады.

«Бір қарағанда бұл бірнеше құспен соқтығысу жағдайына келеді. Салдарынан екі қозғалтқыш та істен шыққанға ұқсайды», – деді Саурабх Бхатнагар.

Оның айтуынша, әуе кемесі аспанға қалыпты деңгейде көтерілген.

«Бірақ шассиді шығарғаннан кейін ұшақ төмендей бастады. Бұл қозғалтқыш қуатын жоғалтқаннан кейін немесе ұшақтың көтерілу күші тоқтағаннан кейін ғана болуы мүмкін», – деп сарапшы.

Әуе апаты кезінде ұшақ қаладағы дәрігерлерге арналған жатақханаға соғылған. Қайғылы оқиға салдарынан жергілікті тұрғындар арасында да қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар.

Ахмадабад Үндістанның батысында орналасқан. Бұл Гуджарат штатындағы ең ірі қала. Халқының саны 5,8 миллионнан асады.