«Мерейге жұғысты болсын»: Мақпал Жүнісова Сәкен Майғазиевтің тойына қызын ырымдап алып барған (ВИДЕО)

Әнші тойдан кейін видео жариялап, қызына ақжарма тілегін арнады.

Халық әртісі Мақпал Жүнісова әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойына қызына да тойы жұғысты болсын деп алып барғанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Әнші тойдан кейін видео жариялап, қызына ақжарма тілегін арнады.

«Мерей екеуміз тойдан келдік. Мерейге осындай гүл шоқтарын Сәкеннің жары Динара апайы сыйлады. Бірінші рет тойға апарып тұрмын. Ылғи шақырады, Мерей ұялып бармайды. Осы жолы алып бардым. Саған жұғысты болсын деп, ырымдап алып бардым.

Апаң да, әжең де, туысқандарың да – бәріміз күтіп отырмыз. Иә, асықтырмаймыз енді. Қыз деген жат жұрттық қой. Бірақ ерте ме, кеш пе, баратын жерлерің сол ғой. Осы жастар сияқты сен де бақытты болуға лайықсың, жаным. Менімен бірге барғаныңа көп-көп рақмет», — деп түйіндеді әртіс.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)