Болгария президенті Астанаға ресми сапармен келді

Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Болгария президенті Румен Радевті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.