Фото: ҚТФ
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Сербиялық Александра Круничпен бірге Ролан Гаррос турнирінің финалына дейін жеткен Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина осы табысы арқасында әлемдік рейтингіде 17-ден 9-орынға көтерілді.
Бұл оның рекордтық көрсеткіші болып есептеледі. Осыған дейін Анна 10-сатыдан аспаған еді.
Юлия Путинцева жұптық сында 73-тен 64-ке ауысса, Жібек Құламбаева 115-тен 128-ге құлдырады.
Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 11-орында қалса, Ю.Путинцева 31-ден 27-ге жоғарылады.
Зарина Дияс 276-дан 280-ге түссе, Жібек Құламбаева 309-дан 306-ға шықты.