Қазақстанға Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо ресми сапармен келеді

10-11 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо ресми сапармен келеді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Келіссөздер барысында Қазақстан Президенті мен Словакия Үкіметінің басшысы қазақ-словак серіктестігін кеңейту перспективасын талқылайды.