«Еркексің»: Елдос Сметовтың татамидегі балуанға қолдау көрсеткен видеосы тарады

Дзюдодан Катар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатында Елдос Сметовтің командаласына жанкүйер болып тұрған видеосы instagram.com тарады. Елдос көрермен отыратын трибунадан татамиде күресіп жатқан командаласына ақыл-кеңестер берген.

«Аяқты қос, аяқты. Қимылда. Бәрі жақсы, бәрі жақсы», — деп айғайлады ол.

Кейін командаласы әдіс жасағанда ол ерекше қуанып: «Еркексің», — деп айғайлаған.

Бір қызығы, татамиде кімнің күрескені белгісіз. Жанкүйерлер қатарынан Елдостың туған ағасын да байқауға болады. Айта кетелік, Дохадағы әлем чемпионаты 7 мамыр күні басталды. Елдос Сметов ұзақ үзілістен кейін әлемдік сында бақ сынады. Бірақ екінші айналымда өзбекстандық Ділшодбек Баратовтан ұтылып, жарысты жүлдесіз аяқтады. Еске сала кетейік, Елдос Сметов дзюдодан Олимпиаданың күміс және қола жүлдегері, әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы.

https://www.instagram.com/p/CsBOB3lINm3/