«Adagio» жаңа тыныс алды: Димаш пен Лара Фабиан Лондонды баурады (ВИДЕО)

Музыка сүйер қауым үшін бұл сәт — көптен күткен тарихи оқиға.

Әлемге әйгілі канадалық әнші Лара Фабиан мен қазақстандық мақтаныш Димаш Құдайберген Лондонда бір сахнада өнер көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Лондондағы әйгілі OVO Arena Wembley сахнасында Лара Фабиан өзінің «Voices» атты әлемдік турнесі аясында жеке концерт өткізді. Концерттің шарықтау шегі – Лара Фабиан мен Димаш Құдайбергеннің дуэті болды. Екі әнші де жанды дауыспен «Adagio» атты әлемге танымал күрделі композицияны орындап, көрермендерді таңдай қақтырды.

Музыка сүйер қауым үшін бұл сәт — көптен күткен тарихи оқиға. Желі қолданушылары ерекше әсер алғандарын жарыса жазуда:

«Арман орындалды – Димаш пен Лара бір сахнада!»
«Нағыз вокал шеберлері! Қандай дауыс, қандай техника!»
«Adagio бұрын-соңды мұндай әсерлі орындалмаған шығар!»
«Сахнада — музыка мен эмоцияның шыңы!»

Айта кетейік, Димаш бұған дейін Лара Фабианның шығармашылығын жоғары бағалап, оның әндерінен шабыт алатынын бірнеше рет айтқан болатын. Ал бұл дуэт – қос әншінің өнерге, бір-біріне деген құрметінің айғағы іспетті.