«Әкімдіктен не күтуге болады“: «Күміс алқа” алған блогер келіншек ренішін білдірді

Танымал әзілкеш, тележүргізуші Ғалым Махамбетовтің әйелі, блогер Әсия Тәңірбергенқызы “Күміс алқа” алғанын көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

“Орден кітапшасын алдым. Енді шешпей ұйықтаймын. Қандай артықшылығы барын айтыңыздар?! Тегін коньки тебіңдер демесе болды. Өзімді кәрі кемпір сезініп жатырмын. Соғыс ардагерлерінде осындай кітапша болатын. Бала туу соғысқа барып келгенмен бірдей. Оны еркектер түсінбейді. Ең болмаса мына орденнің жанына шайнек қоспаған. Соны күтіп едім. Бір түйір тәттісі жоқ. Шай ішіңіздер деп бір түйір берсе болады ғой”, – деп ренішін жасырмады блогер келіншек.

Желі қолданушылары орден табыстаған мекемені қызу талқыға салды.

“Шымкентте гүл мен орамал берген”, “Бізді акиматқа кіргізбей, сырттан үлестірді”, “Қанша теңге қосылады екен?!”, “Көрімдік 300 мың теңгеден асса салық төлейсіз”, “Әкімдіктен не күтуге болады?!”, “Жемқор жүйенің көрінісі”, “Біз сыртта күтіп тұрып, алып кеттік”, – деп жазды көпшілік.