2025 жылдың 4 маусымында таңертең қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен 8:06-да тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстанда, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 300 шақырым жерде орналасқан.
Сейсмологтардың айтуынша, елді мекендердегі нүктелерде сезілу байқалмаған.
29 мамырға қараған түні Қазақстанда Алакөл көлі аймағында жер сілкінісі болды.