Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдукәрімова желіде жаңа видео жариялап, жүкті екенін байқатты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
— 2025 жылға менің жоспарым болған. Алайда оның маған деген жоспары одан ғажап әрі қайырлы! – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Желідегілер жарыса құттықтап жатыр. Арасында әнші Мадина Сәдуақасова да бар.
«Өте қуаныштымын», «Аман-есен бауырыңызға алыңыз», «Құтты болсын», — деген секілді ақ-жарма тілектер жазылған.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас екеуінің Алау, Сезім деген қыздары және Нарұл мен Хан атты ұлдары бар. Ел арасында жұлдызды жұп әлдеқашан ажырасып кетті деген пікірлер жиі айтылады және өзге өнер адамдары секілді екеуі бірге көзге түспейді. Тіптен демалысқа да екеуі бөлек барып, көзге түскен. Жұлдыз қазір Астанада, Қайрат Нұртас Алматыда тұрады
Бұған дейін актрисаға өзінен жасы кіші жігіт сезімін білдірген еді.