Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 500 келушіге арналған 2 жаңа емхана мен 1 дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда. Бұл туралы аудан халқымен кездескен Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты.
«Құрамыс шағын ауданындағы бірінші емхана бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Осы жылдың қазан айында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу күтілуде, қаржының бөлінуіне қарай құрылысты 2024 жылдың I-ші тоқсанында бастауды жоспарлап отырмыз.
Екінші емхана бойынша Шұғыла шағын ауданында жобалау ұйымымен шарт жасалды. Осы жылдың IV-ші тоқсанында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, құрылысты 2024 жылдың көктемінде бастаймыз.
Ақжар шағын ауданындағы 200 орындық дәрігерлік амбулатория бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Құрылыс шамамен 2024 жылдың II-ші тоқсанында басталады»,-деді шаһар басшысы.
Qazaq.today