Шерзат сотының үкімі шығатын күн белгіленді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысында үзіліс жарияланды.
Төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақов іс бойынша сот үкімі 2025 жылдың 5 маусымында сағат 16:00–де болатынын хабарлады.
Сотта соңғы сөзін сөйлеген сотталушылар өздеріне тағылған айыппен келіспейтінін айтты. Басты сотталушы саналатын Равиль Сәкиев пен Абзал Шынасыл да кінәсін жартылай мойындады. Қалған сотталушылар да судьядан әділ шешім шығаруды сұрады.