Астанадағы автобус апатынан зардап шегушілердің бірінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 10 адам алған жарақаттарына қарай әртүрлі қалалық стационарларға жеткізілді. Зардап шеккендердің екеуі ұлттық жедел медициналық үйлестіру орталығында жатыр. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі, — деп жауап берді ведомство редакцияның сауалына.
Айта кетерлігі, ауыр жағдайдағы зардап шеккендердің біріне шұғыл операция жасалды.
Жедел жәрдем бригадалары жергілікті жерде жұмысын жалғастырып, көмек көрсеткен.