Алматы әкімі Ерболат Досаев «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының тиімділігін және қала тұрғындарының оң пікірін ескере отырып, бағдарламаны қаржыландыру көлемін ұлғайту туралы шешім қабылдағанын айтты.
«Наурызбай ауданына қосымша 875 млн. теңге бөлінді. Осылайша, ауданда 2,7 млрд теңгеден астам сомаға 67 жобаны, оның ішінде қоғамдық кеңістікті абаттандыру, жол инфрақұрылымы және сыртқы жарықтандыру желілерін салу жобаларын іске асыру жоспарлануда»,-деді әкім.
Айта кетейік, Наурызбай ауданында биылғы жылдың І-ші тоқсанында жол қауіпсіздігін жақсарту мақсатында 19 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылған.
Бұдан басқа, аудандағы адамдар көп жиналатын орындарда бейнемониторинг жүйелерінің желісін кеңейту жобасы аясында осы жылдың соңына дейін қосымша 900 камера орнату жоспарлануда.
Qazaq.today