Алматының Наурызбай ауданында 200 көше жөнделеді

Биылғы жылдан бастап жолдарды ағымдағы жөндеуді аудан әкімдіктері жүргізуде.

Алматының Наурызбай ауданының барлық шағын аудандарында 200 көшені қамтитын 55 мың м2 жолды жөндеу жоспарлануда. Бұл туралы қала тұрғындарымен кездесуде мегаполис әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. Ол биылдан бастап жолдарды ағымдағы жөндеуді аудан әкімдіктері жүргізіп жатқанын атап өтті. Ал биыл жолдарды жөндеуге бөлінген сома 500 млн. теңгеге дейін ұлғаяды.

Сонымен қатар, қалалық мобильділік басқармасы мамыр айында Ақжар және Шұғыла ш / а 25 көше бойынша 6 км жол сала бастады. Ақжар, Қалқаман, Таусамалы, Шұғыла шағын аудандары мен Абай саяжайларындағы 10 көшеге 3 тротуар жасалды.. Сондай-ақ, 16 көшедегі 14 км жолға орташа жөндеу жұмыстары басталды. Жұмыстарды аяқтау 2023 жылдың қараша айына жоспарланған.

 

Qazaq.today