Алматының Наурызбай ауданында 56 трансформаторлық қосалқы станция жаңарады. Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев айтты. Оның айтуынша, 21 жаңа қосалқы станция орнатылып, 114,5 км электр желілері мен 35 трансформаторлық қосалқы станция жаңғыртылады.
Электр желілерін жаңғырту Шұғыла, Ақжар, Таусамалы, Құрамыс, Рахат, Қарағайлы және Қалқаман шағын аудандарын қамтиды. Бұл тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге және авариялық ажыратуларды азайтуға мүмкіндік береді. Жұмыс мамыр айының соңында басталып, жыл соңына дейін жалғасады.
Qazaq.today