«Дима Билан сияқты жұлдыз болады»: Қайрат Нұртастың анасы ұлын Ресейге шақырғанын айтты

Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлын ресейлік продюсерлер жұмысқа шақырғанын айтты.

Оның айтуынша, Қайратты бірнеше рет ресейлік телебағдарламаларға шақырған.

«Добрый вечер» бағдарламасының бас продюсері маған қоңырау шалып, Қайратты сұрады. «Бізге оны беріңіздер, ол Дима Билан сияқты жұлдыз» болады», деді. Мен бірден бас тарттым. Ол кезде ұлым отбасылы болатын. Бірақ продюсердің айтқан сөздері әлі есімде: «Дауысынан ерекше бір үнді байқап қалып, өзімді әрең ұстадым. Интернетті ақтарып отырып, сіздерді таптым», – деп айтты.

Сол кезде өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан болғаны жақсы деп ойладым», – деді Гүлзира Айдарбекова.