Фото: РБК
Шоуды ұйымдастырушылар ММА-дағы аты мәлім файтер Федор Емельяненконы Тайсонға қарсылас ретінде шақыруды көздеп отыр. Ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, аты аңызға айналған америкалық боксшы Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы Sportnews.kz сайты хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
– Жоспарымызда Майк Тайсон мен Федор Емельяненко арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру бар. Бұл бағыттағы жұмыстар қызу жүріп жатыр. Біз Тайсонды қатыстыруды көздеген турнирді желтоқсан айына жоспарлап отырмыз, – деді Alash Pride лигасының президенті Әлімжан Бектаев Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Майк Тайсон спорттық мансабында 50 жеңіске (оның 44-і нокаутпен) және 7 жеңіліске ие болған. Өткен жылы ол Джейк Полмен кездесіп, бірауыздан шешіммен жеңіліп қалған еді.