Алматыдан 434 шақырым аумақта жер сілкінді

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС мәлімдеді.

Жер сілкінісі бүгін, 24 мамырда Астана уақыты бойынша 05 сағат 25 минутта тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 434 шақырым жерде, Қырғызстанда орналасқан.

Жер сілкінісі еліміздің аумағында сезілмеді.

Айта кетейік, кеше, 23 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 16:01 минутта Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 км қашықтықта жер сілкінді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.