Шерзат ісі: Сотта марқұм мен күдіктінің беттестіру видеосы көрсетілді

Жасөспірім Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот өтіп жатып жатыр. Сот процесінде марқұм Нұрқанат Ғайыпбаев пен күдікті Нұрқияс Ілиясовтың беттестіру кезіндегі видеосы көрсетілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпараттық порталы.

Бейнематериалда Ғайыпбаев оқиға орнында атыс пен пышақ жарақаты болғанын мәлімдейді. Оның айтуынша, Шерзаттың басынан мылтықтың дүмімен ұрған, ал өзі есінен танып қалған.

Сондай-ақ Нұрқияс Ілиясовты мылтық пен пышақ қолданды деп айыптады.

Алайда Ілиясов бұл айыптаулармен келіспейтінін білдірді. Оның айтуынша, алғашқы атысты Нұрқанат жасаған.

«Мен тек мылтықты алып, Нұрқанаттың желкесінен ұрдым. Пышақ қолданған жоқпын», – деді ол.

Сот отырысында күдіктілердің басым бөлігі атысты бастаған — Нұрқанат Ғайыпбаев болғанын айтты. Ал Ғайыпбаев видеода мұны жоққа шығарған.

Қайғылы оқиға қоғамдық резонанс тудырып, істің мән-жайын анықтау үшін сотта тергеу жалғасып жатыр.