«Министрді отставкаға жіберу керек»: Ғани Бейсембаевты халық сынап жатыр

Ғани Бейсембаев қазіргі күні ақылы семинарларға қатысудың еш қажеттілігі жоғын айта келе, егер білім мекемелерінің басшылары ұстаздарды мәжбүрлейтін болса, шара қолданылатынын атап өтті.

Оның сөзінше, бұған дейін ескертулер жасалған екен.

«Біз бұған дейін де бірнеше ескерту жасағанбыз. Қай өңір қай мектепте осындай жағдай боп жатқанын нақты ақпарат берсеңіз, өйткені елімізде 800 мыңға жуық мектеп, 600 мыңға жуық мұғаліміміз бар. Соның ішінде қай мектеп заңды орындамай отырғанын біліп, шара қолдануға сіз үлкен көмек берер едіңіз. Шындығында ақылы семинарлар өткізудің еш қажеттілігі жоқ, өйткені «Өрлеу» ұлттық біліктілігін арттыру орталығы курстарын өткізіп отыр, Ұлттық ғылым академиясында тегін онлайн курс өткізіп отырады, одан бөлек әр өңірдің әдістемелік орталықтары бар. Тиісті семинарларды тегін ұйымдастырады. Одан тыс мұғалімдерді мәжбүрлеп, оған арнайы семинарлар ұйымдастыратын болса, ол жергілікті жерлердегі білім мекемелерінің жеке бастамашылығымен жасалып жатады. Ол өз кезегінде 5-6 мектептің шеңберінде бүкіл 8 мың мектепте солай сияқты көрінеді. Сондықтан нақты мектепті көрсететін болсаңыз, шара қолданылатын болады»,- деп жалпылама жауап берді министр.

Журналистің сұрақ қойған тұсының видеосы әлеуметтік желі тарады. Қолданушылар шағымдарын айтып, министрдің өзін сөгіп тастады.

«Ғани мұғалімдердің сорына келген адам», «газетке сыртымыздан жазып жібереді», «министрді отставкаға жіберу керек, құрғақ уәде берудің шебері»,«бітпейтін семинар мен отырыстар», «мектепке жөндеу жұмыстарын мұғалімдер жасап жүр», «айтсаң выговор береді», «семинар, конференция, кешке дейін ауылдан ауылға барамыз», деп жазды көпшілік.

https://www.instagram.com/reel/DJ3ZPNvMcae/?igsh=MTJta3JvemlmcmZidQ==