Қазақ боксында тарихи жетістік: Қыздар құрамасы бокстан Азия чемпионатында 12 алтын жеңіп алды

Фото: ДРС

Шри-Ланканың Коломбо қаласында жастар арасындағы Азия чемпионатында жалғасып жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бокстан жастарарасында Шри-Ланкада өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы 12 алтын медаль иеленді.

Жанкелді Ахметовжаттықтыратын ұлттық құрама мүшелері Айым Тәңкібаева (48 кг), СилаБиболсынқызы (50 кг), Рахмина   Әбдімәжитова (52 кг), Жанель Имантаева (54 кг), Ақнұр Тұрсынғали (57 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Алина Кұдайгенова (63 кг), АқботаЕсімбекова (66 кг), Мария Сидоренко (70 кг), Зарина Толыбай (75 кг), Құралай Егiнбайқызы (81 кг), Сабина Жақсылық (+81 кг) Азия үздігі атанып отыр.

Олардың арасында Толғанай Қасымхан, Ақбота Есімбекова, Мария Сидоренко, Құралай Егiнбайқызықарсыластарын 1-раундта мерзімінен бұрын жеңіп, чемпиондыққа қол жеткізді.  Ал 63 келіде Алина Кұдайгенова финалдық жекпе-жек барысында қарсыласын нокаутқа түсірді.

12 мамырда Шри-Ланкада басталған құрлық біріншілігіне 23 елдің спортшылары қатысқан болатын. Бұл турнирде ұйымдастырушылар тарапынан чемпиондар — 1 000 АҚШ доллар, күміс жүлдегерлер – 500, ал қола медаль иегерлері – 250 доллардан сыйақы беріледі.