Бірнеше күн бұрын «Қазақстанның халық әртісі» атағын алған Әлішер Кәрімов президентпен түскен суретін көрсетіп, пост жазған.
Ол бұл атақты алғанына қатты мақтанатынын айтып, өзі үшін тарихи күн туғанын жазып отыр.
«Бүгін мен үшін тарихи күн – маған «Қазақстанның Халық әртісі» атағы берілді! Осы жоғары марапатты Президентіміздің қолынан алу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл марапат, мені қолдаған барша тыңдармандарымның және жанашырларымның арқасы деп білемін», — деп жазды ол.
Әншінің әлеуметтік желідегі оқырмандары мен тыңдармандары оның атаққа лайықты-лайықты емес екенін айтып, пікірталас тудырған.
Депутат Зайыт қазақ мәдениетінде жартылай қаралы күн орнағанын айтты
Ал Парламент Мәжілісінің депутаты, ақын, айтыскер Ринат Зайыт өлең жолдарын жариялап, жұртты ой салды. Ақын өзі жариялаған жазбасын көп ұзамай өшіріп тастады. Дегенмен интернет беттерінде жазған өлеңі таралып жатыр.
«О, сұмдық-ай…
О, құрғыр.
Көншір ме екен көңіл бір.
Қай залымның кеңесі?
(Даттау сізге көмілгір)Айналама қарасам,
Аспаным да көгілдір,
Жастарым да «көгілдір».
Қолын бұлғап қарсы алған,
Арманым да көгілдір,
Шымшық құсап қарсы алған,
«Тарланым» да «көгілдір»,
Тіс қайрау да шара жоқ
Үндемейсің…
Өмір – бұл. Бүгін Қазақ мәдениеті үшін жартылай қаралы күн деуге болады…» — деп жазды Ринат Зайыт.