Танымал әнші Алтынай Жорабаева Атырауда мұнайшыларға берген концерті үшін 5 мың доллар гонорар алғанын ашық айтты, деп жазады Qazaq.today.
«Хабар» телеарнасының «КешRec» бағдарламасына берген сұхбатында әнші тойдан тапқан табысы жайлы алғаш рет ашық әңгімеледі.
«Атырауға мұнайшыларға барған кезім болатын. Қасымда Нұрлан мен Мұрат болды. Ол кезде гонорар 1-2 мың доллар еді. Мұрат кейін мені концертке қосып, 5 мың доллар гонорар берді», – деді Алтынай Жорабаева.
Алайда әншінің бұл мәлімдемесі әлеуметтік желі қолданушылары арасында пікірталас пен сын тудырды.
Желіде кей қолданушылар:
-
«Ақша, ақша, ақша. Рухани мән, тәрбие, отбасы құндылықтары қайда?»,
-
«Бұрын ақша жоқ кезде бәрі басқаша еді, қазір дүние жүректі өзгертеді», – деп өз наразылықтарын білдірді.