Жамбыл облысында екі баланы көлік қағып кетті

Жамбыл облысы Қордай ауылында екі баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Оқиға 19 мамырда сағат 14:54-те болған.
«Жібек Жолы көшесімен жүріп келе жатқан «Mercedes-benz E240″ автокөлігінің жүргізушісі екі баланы қағып кетті. Олар жаяу жүргіншілер жолағымен жолды кесіп өтпек болған», — дейді ведомство.
Жасөспірімдер аудандық ауруханада жатыр.
Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 2-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша қылмыстық іс қозғалып, автокөлік айып тұрағына қойылған.