«Ғани Бейсембаев оқу жылын аяқтап, орныңыздан кетіңізші»: Алматы облысында бітпейтін тексерістен соң мектептен шу шықты

Қарасай ауданындағы білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес арнайы комиссиялық тексеріс жұмыстары басталды. Бұл тексеріс барлық мектептерді қамтып отыр, деп хабарлайды Todayinfo.

Комиссия тарапынан қандай нақты бағыттар бойынша бақылау жүріп жатқаны жайлы ресми ақпарат берілген жоқ. Қазіргі таңда тексерістің мақсаты мен мазмұны туралы толық мәлімет ұсынылмаған.

Аталған тексеріске қарамастан, Қарасай ауданы мектептерінде 2024-2025 оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау шарасы 23 және 24 мамыр күндері өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Бұл күндерде дәстүрлі түрде оқушылар мен мұғалімдер үшін салтанатты жиын ұйымдастырылып, түлектерге арналған қоштасу сәттері өтеді.

Бұл видеоға түрлі пікір жазғандар бар.

  • «Өте орынды, дұрыс айтып тұр. Жылдың басында тексеріп, көмек көрсету керек еді. «Көмектесеміз» деп айтқандары бос сөз болып шықты».
  • «Негізі дұрыс айтады! «Зерделеу» деген бос ұран ғана. Әдістемелік кабинеттер неге өздері келіп, сабақтың қалай өтуі керек екенін көрсетпейді? Себебі өздері де жеткілікті деңгейде білімді емес. Ал ескертсең, ертең ренжіп, қарсы шығады. Бірақ «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ!»».
  • «Мемлекеттік мекеме қызметкері қазақ тілінде сөйлесе болмай ма? Қазақша сөйлегені үшін жұмыстан шығара ма енді?!».
  • «Шынымен қорқынышты жағдай! Мұғалімдерге деген тыныштық жоқ, обал-ай…».
  •  «Қазақ тілінде сөйлеген адамға қазақша жауап беруге шамасы келмегені қалай? Әлде мемлекеттік тілді менсінбегені ме?».