20 мамырда Golden DRAGON маркалы автобустың жүргізушісі велосипедшіні қағып, мерт қылды, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат порталы Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші Жібек жолы көшесімен келе жатып, Геринг көшесінің қиылысында жолдың жүріс бөлігін белгісіз жерде өтіп бара жатқан велосипедшіні қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Айта кетейік, көз жұмған велосипедші 61 жаста болған.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.