Бүгін түнде Түркияда жер сілкінісі тіркеліп, оның дүмпулері Ыстанбұл қаласында анық сезілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Риа Новости басылымының хабарлауынша, түнгі сағат 01:36 шамасында қаланың батыс бөлігінде бірнеше жер асты дүмпуі байқалған. Жер сілкінісі тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызғанымен, айтарлықтай дүрбелең болған жоқ.
Жер сілкінісі туралы ескерту хабарламалары смартфон қолданушыларына бірден жолданған.
Түркияның Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы (AFAD) сейсмологтарының мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Мәрмәр теңізінде, Ыстанбұлдың Бүйікшекмедже ауданына қарама-қарсы аумақта болған. Жер сілкінісінің магнитудасы 4,0, ал ошағы 8 шақырым тереңдікте орналасқан.