Фото: gov.kz
СІМ Египетте қайтыс болған әйелге қатысты пікір білдірілді Бүгін Мәжіліс кулуарында Сыртқы істер вице-министрі Әлібек Қуантыров Мысыр әуежайында қаза тапқан қазақстандық азаматқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Оның айтуынша, марқұмның денесі жақын арада Қазақстанға жеткізіледі. Жүк тасымалына байланысты шығындарды мысырлық тарап өз мойнына алған, сондай-ақ бұл іске қазақстандық сақтандыру компаниясы да қатысып жатыр. Қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылып, жағдайды консул бақылап отыр.
Сонымен қатар, Мысырдың азаматтық авиация министрі қазақстандық тарапқа ресми түрде көңіл айтты. Компенсация мәселесіне келсек, вице-министр бұл отбасының жеке мәселесі екенін алға тартып, өтемақы сомасы жария етілмейтінін атап өтті.