Бүгін сағат 10:00-де Шерзат Болаттың өліміне байланысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Қазанда не болды?
2024 жылғы 4 қазанға қараған түні Талғар қаласында 16 жастағы Шерзат Болат жаппай төбелес кезінде пышақ жарақатынан қаза тапты. Оқиға барысында оның ағасы Нұрғанат Ғайыпбаев та жарақат алды. Төбелес салдарынан Шерзаттың отбасы да қиындықтарға тап болды. 2024 жылдың 12 қазанында олардың үйі өртеніп, кейінірек Шерзаттың ағасы да қайтыс болды.
Сот процесі
Қылмыстық іс бойынша 9 айыпталушы анықталды, олардың ішінде бұрын сотталғандар да бар.
Сот отырыстары Талдықорған қаласында өтуде, себебі күдіктілердің көпшілігі уақытша қамау изоляторында осы қалада орналасқан. Көрсетілімді Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.