Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев алдағы екі ойынға қатысатын ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Ұлттық құрама 5 маусымда Беларусьпен жолдастық кездесу өткізсе, 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынында 9 маусымда Солтүстік Македониямен шеберлік байқасады.
Кеңейтілген тізімге барлығы 36 ойыншы енгізілген.
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Қайрат»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский, Марат Быстров (екеуі де – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов, Александр Зуев, Наурызбек Жагоров (бәрі – «Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Ұлар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»);
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Ислам Чесноков (екеуі де – «Тобыл»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Бактиер Зайнутдинов («Бешікташ», Түркия), Айбол Әбікен («Қайсар»), Серікжан Мужиков, Алмас Төлібай (екеуі де – «Елімай»), Ғалымжан Кенжебек («Кошице», Словакия), Дамир Марат, Дәурен Жұмат (екеуі де – «Оқжетпес»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Георгий Жуков («Пуща», Польша), Муроджон Халматов, Зикрилло Сұлтаниязов (екеуі де – «Ордабасы»);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»).
Нақты тізім бекітілгенге дейін құрамда өзгеріс болуы мүмкін. Ал оқу-жаттығу жиыны 31 мамырда Астана қаласында басталады.