Танымал тележүргізуші Диана Скатова жеке өміріндегі қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ол сүйіктісі музыкант Сұлтан Нұрбековпен АҚШ-тағы мешітте некесін қидырған.
«Өмір – өздігінен ғажап. Сол кереметті бөлісетін адамың болса, оны кездестірсең, ол керемет екі еселенбей ме?!
Баршамызға, Алла тек жақсы күндерді бұйырсын! Енді біз ерлі-зайыптымыз!», — деп жазды ол.
Айта кетейік, олар бұған дейін QosLike бағдарламасында бірге жұмыс істеген.