«Қымбат рубин тасы бар тәж»: Баян Мақсатқызының байқауындағы жүлде қоры белгілі болды

Продюсер Баян Мақсатқызының жобасы “Алтын ханым” байқауының жеңімпазы қандай сыйлық алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Жоба ұйымдастырушыларының бірі, әнші Аша Матай жеке парақшасында жазба жариялады.

«Алтын ханым» жобасының жеңімпазына арнайы қызыл түсті, қымбат рубин тасы бар салтанатты тәж табысталады. Бұл тәж – батылдықтың, сұлулықтың және әйелдің ішкі күшінің айқын белгісі. Ол жеңімпаздың сыртқы сымбатын ғана емес, оның парасаты мен көшбасшылық қасиетін де бейнелейді. Сонымен қатар жеңімпазға қызыл түсті заманауи автокөлік сыйға беріледі. Бұл ерекше сыйлықтар – жобадағы қажырлы еңбектің, табандылықтың және үлкен жетістіктің лайықты бағасы әрі жеңімпаздың жаңа белестерге жол ашатын символы саналады”, – деп жазды әнші.