«Арамыз бес жас»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады

Әнші Меруерт Түсіпбаеваға өзінен бес жас кіші жігіт хат жолдап, үйленуге ұсыныс жасаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Өнер иесі жеке парақшасында видео жүктеп, хат алмасуды жариялады.

«Менің мінезімді, болмысымды өзгерткісі келетін тағы бір пенде хат жазды….. Сізді өзгерткісі келетін адамдарды белгіле», – деп жазды Түсіпбаева.

Көпшілік хатты қызу талқыға салып, түрлі пікір білдірді.

“Қате жазатын жігіт екен”, «Сұлулыққа қызықпайтын адам жоқ. Сіз сұлу болғандықтан сізге қызығатын ер азаматтар қай жаста болсаңыз да табылады», «Өзіне көп алатын досыңды белгіле деңізші», «Қалай өзгертеді екен, ә?», Қанша бойдақ болып жүрсем де, ешкімге бұлай айтпаппын», – деп жазды желі қолданушылары.