Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу іс-шараларын жүргізбейтінін жариялады.
Осыған байланысты оның Facebook әлеуметтік желісінде берген ақпараты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне белгісіз.
«Сонымен қатар, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ішкі аудит қызметінің қорытындысымен және арызымен «Долгое эхо» көркем фильмін дайындау кезінде лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін киностудияның бұрынғы басшылығын қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы «Н» режиссерінің жүгінгенін хабарлаймыз», — делінген хабарламада.
Оның арызы негізінде соталды тергеу басталған. Қосалқы мердігерлік жұмыстарды жеткізуші — Alashfilm ЖШС, оның бұрынғы директоры «Т» азаматы болды.
Бұдан әрі оның бұрын «Тұрсыновфильм» ЖШС аясында режиссер Тұрсыновтың бизнес-серіктесі және серігі болғаны анықталды. Alashfilm ЖШС бұрынғы директоры «Т» қатысуымен куәгер мәртебесінде бірқатар тергеу әрекеті жүргізілді.
Тұрсыновтың өзі тергеу органына шақырылмаған. Қазір іс бойынша ешкім күдікті деп танылған жоқ.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Еске салайық, бұған дейін режиссер Қазақстаннан кетіп қалғанын айтқан еді.