Бүгін, 17 мамырда, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды.
Тоқаев туған күнін атап өтпейді.
Өмірбаяны
-
1953 жылы 17 мамырда Алматыда дүниеге келген.
-
Әкесі – Кемел Тоқаев (1923–1986) – Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақ әдебиетіндегі детективтік-приключен жанрының негізін салушы жазушы.
-
Анасы – Тұрар Шабарбаева (1931–2000) – Алматы шет тілдер педагогикалық институтында жұмыс істеген.
-
1975 жылы Мәскеудегі Халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) тәмамдап, диплом алдындағы тәжірибені Қытайдағы КСРО елшілігінде өткізді.
-
Сол жылы КСРО Сыртқы істер министрлігіне қызметке қабылданып, Сингапурдағы елшілікке жіберілді. 1979 жылы КСРО СІМ аппаратына оралды.
-
1984–1991 жылдары Қытай Халық Республикасындағы елшілікте екінші хатшыдан бастап кеңесшіге дейін түрлі лауазымдар атқарды.
-
1992 жылы Ресей СІМ Дипломатиялық академиясын тәмамдады.
-
1992–1994 жылдары Қазақстан СІМ вице-министрі, бірінші вице-министр, кейін министр болды.
-
1999 жылы Премьер-министрдің орынбасары, сол жылдың қазанында Президент Жарлығымен Премьер-министр қызметіне тағайындалды.
-
2002–2007 жылдары СІМ басшысы болып, ядролық қарусыздану бойынша жаһандық үдерістерге белсенді қатысты.
-
2007 жылы Сенат төрағасы болып сайланды. 2008 жылы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті атанды.
-
2011 жылы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің бас директоры және Қарусыздану конференциясындағы Бас хатшының арнайы өкілі болды.
-
2013 жылы қайтадан Сенат төрағасы болып сайланды.
-
2019 жылы 20 наурызда Қазақстан Президенті қызметіне кірісті.
-
2019 жылы 9 маусымда кезектен тыс президенттік сайлауда 70,96% дауыс жинап, сайлауда жеңіске жетті. 12 маусымда ресми түрде ант беріп, Президент қызметіне кірісті.
-
2022 жылы 20 қарашада өткен кезектен тыс сайлауда 81,31% дауыс жинап, қайта сайланды. 26 қарашада инаугурация рәсімі өтті.
Марапаттары мен қоғамдық қызметі
-
2021 жылдан бастап – Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы
-
2022 жылдан – Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы
-
Төтенше және өкілетті елші, саяси ғылымдар докторы
-
Дүниежүзілік гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі
-
Мюнхен қауіпсіздік конференциясының «Ақсақалдар кеңесінің» мүшесі
-
Шэньчжэнь университеті мен Ресей СІМ Дипломатиялық академиясының құрметті профессоры
-
Женева дипломатия және халықаралық қатынастар мектебінің құрметті деканы
-
Қазақстанның халықаралық қатынастар кеңесінің құрметті президенті
-
2018 жылы – Ресей биографиялық қоғамы бойынша «Жыл адамы» атанған
-
13 жыл бойы – Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті болған
-
Халықаралық қатынастар жөніндегі 10 кітаптың авторы
-
Салауатты өмір салтын ұстанады, көркем әдебиет, саясат және мемуарлық шығармаларды сүйіп оқиды