Алаяқтар қазақша сөйлеуді жасанды интеллекттің көмегімен меңгеріп алған, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.
Министрлік өкілдері белгісіз нөмірден қоңырау түссе, әңгіме барысындағы қате құрылған сөйлемдер мен эмоцияның болмауына назар аударуға кеңес береді.
«Олар банк, құқық қорғау органдары немесе туыстарыңыздың атынан қоңырау шалып немесе хабарлама жіберіп, шынайы адам сияқты дауыс пен мәтінді еліктей алады. Сондай-ақ, танымал адамдар мен туыстарыңыздың жалған бейнесін жасау үшін Deepfake технологиясын қолдануы мүмкін», — деп ескертеді полиция.
Министрлік тек ресми дереккөздерге сенуге және ешқашан ешқандай жағдайда жеке деректерді (ЖСН, банк шоты, құпиясөздер) бермеуге шақырады.
9 мамыр қарсаңында интернетте «Мәңгілік полк» шеруіне шығуға үндейтін дипфейктердің көбейгені туралы мына жерден оқи аласыз.