«Екі баламен таксиде жүрмесін деді»: Төреғалидың қарындастары бір-біріне сый жасады (ВИДЕО)

Әнші Төреғали Төрәлінің қарындасы Фариза Төреәлі қоныстойын дүркіретіп жасады, — деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Қуанышты бөлісуге келген Дина Төреәлі қымбат сый жасаймын деп әпкесін жылатып алды.

«Екі баласымен қиналып таксиде жүрмесін деп маған көлік алып бергенін барлығыңыз білетін шығарсыздар. Енді көлік сыйлай алмасақ та сенде жоқ бір ғана нәрсе бар», — деп Дина Төреәлі әпкесіне Rolex сағатын тарту етті.

Фариза Төреәлі эмоциясын жасыра алмай көз жасына ерік берді.

«Осындай жақындарым барына шүкір. Шынымен бар фокусым тек қонақ күтуде болып жүргенде тілек айтып осындай сыйларын туған күніме орай табыстағанда сезімдерімді ұстай алмай қалдым», — деп жазды Фариза Төреәлі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Fariza Toreali (@farizatoreali)