Сот отырысында екінші айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев тергеу кезінде берген бұрынғы жауабынан бас тартты. Оның айтуынша, тергеу кезінде оған күш қолданылып, соққыға жығылған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарт порталы.
“Маған қысым жасалды. Тәртіп сақшылары ұрды. Бұл туралы бірнеше рет арыз жаздым. Полиция бөліміне кірген соң жауап алғанша ұрды. Қысқасы, олар бізге: ‘Сендер туралы фильм түсірейік’ деп айтты. Олар мені ұрды. Келгендердің бәрі, тергеушілер де ұрып соқты. Олар, былай айтасың, былай сөйлейсің деді. Қаржаубайдың өзі келді – бізді қорлап, бізді де ұрды, куәгерлер бар”, – деді айыпталушы.