Димаш Құдайберген қашан үйленетінін айтты

Фото: dw.com

Әлемге танымал жұлдыз Димаш Құдайберген көпшіліктің көкейінде жүрген ең маңызды сұрақтардың біріне жауап берді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеоүзіндіде оқырмандардың бірі «Димаш, қашан үйленесің?» деген сұрақ қойған.

Димаш бұл сұрақты жауапсыз қалдырмай, алайда, бұл оның жеке өмірі екенін айтып өтті.

«Білмеймін енді… Айтпаймын, айтқым келмейді. Өйткені бұл менің жеке өмірім. Сол себепті, айып етпеңіз. Көре жатармыз. Бәрі Алланың қалауымен болады ғой», — деді әнші.