Қазақстанда соңғы қоңырау күнінің өзгеруіне байланысты ҰБТ күндері де ауыстырылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Соңғы қоңырау күні өзгертілуіне байланысты 23 және 24 мамырға жоспарланған ҰБТ өткізу мерзімі де өзгертілді», – делінген ҰТО хабарламасында.
23 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда тапсырады. 24 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 1 маусымда тапсырады.
Жаңа тестілеу күні туралы ақпарат талапкердің app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинеті арқылы автоматты түрде жаңартылады. Тіркелгендерге SMS-хабарлама жіберіледі.