Азғындармен күрес: «Жаңа адамдар» тағы бір педофилдің жолын кесті (ВИДЕО)

Жаңа адамдар желідегі әлеуетті азғындарды әшкерелеу бойынша эксперименттерін жалғастырады. Мұндай жағдайлар біз ойлағаннан да жиі орын алады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Танысуға арналған танымал «Дайвинчик» Telegram-ботына Жаңа адамдар белсенділері 13 жасар қыздың анкетасын жариялады, ол күмәнді түрде тым көп назарға ие болды. Бұл анкетаға 24 жастан асқан 120 ер адам лайк басты. Олардың көпшілігі танысып, жеке кездесуді талап етті.

Солардың бірі «Биржан» деген лақап атпен тіркелген ер адам басқаларынан да батыл болып шықты. Ол бірден интимдік сипаттағы ұсыныстар айтып, мұның не екенін егжей-тегжейлі түсіндіре бастады. Сонымен қатар, порнографиялық мазмұндағы суреттер жолдап, 13 жасар қызды «ересектерге арналған әрекетті» бірге жасауға үгіттеді. Жазасыз қалатынына сенімділігі кездесуді Астанадағы тұрғын үй кешенінің ауласына белгілеуге дейін жетті. Ер адамның құлшынысы күшті болғаны соншалық, ол Көкшетаудан арнайы келді. Кездесу өтті, бірақ қорғансыз қыздың орнына оны Жаңа адамдардың шымыр  жігіттері қарсы алды. Белсенділер Биржанға балаға осындай дүниелер ұсынғанда ойланатын жері туралы арнайы «сыйлық» – ішінде резеңке фаллостар салынған қорап дайындады.

Кішкентай қыздарға қызығушылық танытқыштың толық аты-жөні – Мантай Биржан. Ол 1998 жылы туған. Кездесуге келген сәтте-ақ, барлық хабарламаларымен бірге құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Эльнара Баубекова, Жаңа адамдар: «Биржан Мантаев сияқтылардың есімі бүкіл елге белгілі болуы керек. Біз мұны лайк, хайп немесе көзбояушылық үшін көрсетіп жатқан жоқпыз. Егер олар үшін заң мен мораль маңызды емес болса, онда әшкере болу қорқынышы – оларды балаларға алымсақтық жасауын қоюға мәжбүр етсін. Құрметті ата-аналар! Сақ болыңыздар және балаңыздан байқаған «алаңдатарлық белгілерді» назардан тыс қалдырмаңыздар. Желіде кіммен сөйлесіп жүргеніне мән беріңіздер. Егер балаларға қатысты алымсақтық әрекеттерін білсеңіздер, бұл фактілерді жасырып қалмаңыздар, дереу полицияға хабар беріңіздер».

Жаңа адамдар әшкерелеген әлеуетті азғындардың саны мәселенің ауқымын көрсетеді. Балаларға жасалатын алымсақтық көрсету «індетін» тек бүкіл қоғам болып бірігіп қана тоқтата аламыз. Егер бейтаныс адамдардың балаларға қатысты күмәнді әрекеттерінің куәсі болсаңдар – бейжай өтіп кетпеңдер.

Міндетті түрде анықтаңдар: бұл «көке» балаға шынымен қауіп төндірмейді ме? Есте сақтаңдар: біреудің балалары деген болмайды.