Фото: None
Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева жасанды интеллекттің еңбек нарығына ықпалына қатысты пікір білдіре отырып, депутаттық қызметті машина алмастыра алмайтынын нақты айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Журналистер жиі сұрайды: “Сіз жасанды интеллект депутаттарды алмастырады деп қорықпайсыз ба?”. Шынымды айтсам, шығармашылық пен интеллектуалды күрделі мамандықтарға қазіргі модельдердің өсуі үшін әлі ұзақ жол бар», – деді депутат.
Смышляеваның сөзінше, заң шығару – күрделі әрі адам факторына тәуелді процесс. Қазіргі таңда жасанды интеллект жүйелері Қазақстанның заңдарын «машина оқи алатындай» деңгейде өңдей алмайды.
«Біздің заңдарымыз алгоритмге келмейді. Олар адам логикасына сүйеніп жазылған. Сондықтан заң шығару саласында ИИ әзірге қолдануға жарамсыз», – деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, депутат еңбек нарығындағы өзгерістерге де тоқталып өтті. Оның айтуынша, жасанды интеллект бірқатар механикалық мамандықтарды алмастырғанымен, жаңа кәсіптер де қатар пайда болады.
«Бұл жерде басты мәселе – кадрларды қайта даярлау. Әр адам жаңа мамандыққа бейімделуге бірден дайын емес. Бұл бағытта арнайы заңдар қабылдаудың қажеті жоқ, жұмыс жүйелі түрде жүргізілуі тиіс», – деді Смышляева.
Мәжілісмен жасанды интеллекттің дамуы депутаттардың рөлін әлсіретпейді, керісінше, адами факторға негізделген шешімдер мен саяси жауапкершіліктің маңызын арттыра түсетінін жеткізді.