Асық жинаған ақтөбелік Қазақстан рекордтар кітабына енді

3 мыңнан астам топай асығын жинаған ақтөбелік Ерболат Қуанышов Қазақстан рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Коллекционер Ерболат Қуанышовта Қазақстан рекордтар кітабына енгені туралы сертификат бар. Онда «Куәлік Ақтөбе облысының тумасы ұлттық өнерді ұлықтауды мақсат етіп, өз шеберханасында он екі жыл бойы сиыр асығын жинаумен айналысып, 3 378 асық жинаған Ерболат Қуанышовқа КИнЭС қазақстандық рекордтар кітабының кейіпкері ретінде беріледі» деп жазылған.

Сонымен бірге ҚР Асық ату федерациясының президенті А.Сұлтанов асық ату спортын дамытуға қосқан үлесі үшін «Алтын сақа» төсбелгісімен марапаттады.