Шерзат Болатты (кейде Полат деп те аталады) өлтіру ісі бойынша айыпталушылардың бірі — Азамат Токтаубаев — бұған дейін басқа адамға шабуыл жасағаны үшін түрме жазасын алған. Талғар қаласында жасөспірімді өлтірген күні ол үй қамақта болуы тиіс еді. Бұл туралы Алматы облысы прокуратурасы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сұранысына жауап берді.
24 жастағы Азамат Токтаубаев орташа қауіпсіздік режиміндегі колонияға жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Бұл туралы ол Шерзат ісі бойынша алғашқы сот отырысында мәлімдеді.
Азамат Токтаубаевқа үкім 2024 жылғы 17 қазанда, яғни Шерзат өлтірілгеннен кейін екі апта өткен соң шығарылған.
«Талғар аудандық сотының 2024 жылғы 17 қазандағы үкімімен Токтаубаев А.М. ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі 7-тармағы бойынша (бұзақылық ниетпен қасақана ауыр дене жарақатын келтіру) сотталды», – деп хабарлады Алматы облысы прокуратурасы.
Азамат Токтаубаев Шерзаттың өлімі болған күні неге бостандықта жүрген?
Бұл сұрақты да прокуратураға жолдағанбыз. Төмендегідей жауап келді:
«Сотқа дейінгі тергеу барысында Талғар аудандық тергеу сотының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысымен күдіктіге қатысты екі ай мерзімге, яғни 2024 жылғы 14 ақпанға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Кейін 2024 жылғы 6 ақпандағы қаулымен Токтаубаевқа қатысты бұлтартпау шарасы қамаудан үй қамаққа өзгертілді», – делінген мәліметте.
Прокуратура бұл шешімді жою туралы апелляциялық шағым түсіргенімен, облыстық сот бұл өтінішті қанағаттандырмаған.
Азамат Токтаубаев кім және не үшін айыпталуда?
Азамат Токтаубаев 2000 жылы туған. Үйленген. Орта білімі бар. Өз айтуынша, жеке кәсіпкер болған.
Қазіргі уақытта ол Шерзат ісі бойынша айыпталушы ретінде сотқа тартылған. Оған «Бұзақылық» бабы бойынша айып тағылған.
Шерзат ісі бойынша кімдерге қандай айып тағылды?
2024 жылғы 17 сәуірде прокурор Дана Сарсембай айыптау актісін оқыған кезде, Шерзат Болатты қалай өлтіргені жайлы баяндады. Тергеу дерегі бойынша, Шерзат пышақ жарақатын алған соң, оны бірнеше адамнан құралған топ аяусыз ұрып-соққан.
«Онымен бірге мен де өлдім деп ойладым» — Шерзаттың әжесі сотта сөйлеген сөзі
Негізгі күдікті ретінде Абзал Шынасыл көрсетілген. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, дәл осы Абзал Шынасыл Шерзатқа пышақпен шешуші соққы жасаған.
«Аузыңды жап, әйтпесе өлтірем!» — Шерзаттың анасы оны қалай қорғауға тырысқанын айтты
Абзал Шынасыл ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі (кісі өлтіру) және 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша айыпталуда.
Сакиев Равиль де 293-баптың 3-бөлігі және 99-баптың 2-бөлігі, сондай-ақ 24-баптың 3-бөлігі (кісі өлтіруге оқталу) бойынша айыпталуда.
Шынгыс Белгожаев, Дархан Аскентай, Нуркияс Ильясов, Нурбол Токтаубаев, Азамат Токтаубаев, Дидар Калиахмет – бұлардың бәрі де 293-бап бойынша (бұзақылық) айыпталып отыр.
“Кешірім сұрадым, бірақ «Хуторлықтар» өз дегендерін істеуге келді“ – Шерзаттың әкесі сотта сөз сөйледі
Кәмелетке толмаған Ы.Д. – ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпталуда.
Шерзат Болатты кім өлтірді?
2024 жылғы 4 қазан түні Талғар қаласында жасөспірімді қатыгездікпен өлтірді. Белгілі болғандай, 16 жастағы Шерзат Болат әкесінің дүкенінде көмектесіп жүргенде, агрессивті сатып алушымен жанжал шыққан. Сатып алушы достарына қоңырау шалып, олар келіп, Шерзат пен оның әкесі мен ағасын соққыға жыққан. Олар пышақ пен аңшы мылтығын қолданған. Бұл істі ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов жеке бақылауына алды. Талғарға ІІМ арнайы тобы жіберілді.
Шерзат Болаттың отбасына күзет қойылды. Кейін марқұмның үйі өртеніп кетті.
Бас прокуратура Шерзаттың отбасы үйін өртегендерді табуға уәде берді.
2024 жылғы 9 желтоқсанда Шерзаттың ағасының мәйіті табылды. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол өзіне қол жұмсап, қоштасу хатын қалдырған. 11 желтоқсанда Шерзаттың әкесі 15 тәулікке қамауға алынды.
Бұған дейін желіде «Камажай» дүкенінде болған қақтығыстың видеосы тараған. Сол кезде 16 жастағы Шерзат Болат аса қатыгездікпен өлтірілген еді. Бейнежазба дүкен ішіндегі және сыртындағы камералардан алынған.