Медеуде орман өрті әлі сөндірілмеді

Іле-Алатау шатқалындағы орман өрті әлі сөнбеді. Өрт 7 мамырда түнгі уақытта шыққан. Іл-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі өртке қалалық ТЖД жеке құрамының 59 адамы мен 15 техникасы сондай-ақ, МҰТП жедел тобы жіберілді, деп хабарлайды Qazaq.today.

 

 

Тілсіз жауды сөндіру кезінде ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Мамандандырылған жасақ бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау аға сержанты Оқасов Ерік Алмасбекұлы жарақат алды.

«Өртті сөндіру жердің күрделі рельефімен, қатты желмен, биік құрғақ шөппен, қураған ағаштың көп мөлшерімен (құлаған құрғақ ағаштар) күрделенуде сондай-ақ, су төгетін құрылғысы бар Ми-171 ҚР ТЖМ «Қазавиаспас», Ми-8 «Қазавиаспас» АҚ тікұшақтары жұмылдырылды», — деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлдана Нұрымбекова.

Оқиға орнында өртті жоюға «Іле Алатау» МҰТП қызметкерлері — 42 адам және ТЖД — 32 адам л/с 5 техника жұмыс істеуде. Өрттің алдын ала ауданы 3 Га құрайды. Қазірге дейін 13 су төгу жұмыстары (39 тонна) жүзеге асырылды. Оңтүстік-шығыс жағын оқшаулауға қол жеткізілген.