Желіде 103 жаста өмірден өткен әженің жаназасында ақша шашылған сәттің видеосы тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Әлеуметтік желілерде 103 жасында қайтыс болған әжені соңғы сапарға шығарып салу рәсімінен видео тарады. Кадрларда жиналғандардың жаназа үстінде ақша шашып жатқан сәті бейнеленген.
Видеоны түсірген адам жазбасында «103 жасқа келіп, біз де осылай абыроймен кетуді бұйырсын» деп жазылған.
Желі қолданушылары бұл әрекетке қатысты түрлі пікір білдірді. Бір тарап бұл – бұрыннан келе жатқан ғұрып десе, енді бірі оны орынсыз әрекетке балайды.
Пікір білдірушілердің кейбірі былай дейді:
- «103 жасқа келсе де, адам өлімі болып жатыр ғой, ақша шашып не көрінді?»
- «Кешір, Алла, беташар болып жатыр екен деп ойлап қалдым ғой»
- «Мен қарсымын, 200-ге келсе де, әкең, шешең, қимайсың ғой»
- «Той ғой, бәрімізге бұйырсын»
- «Ел есінен ауысайын деген екен»